Қапшағай орта мектеп-гимназиясы - Бастауыш сыныптар пән бірлестігі
Жексенбі, 04.12.2016, 17:15
Приветствую Вас Гость | RSS

Қапшағай қаласы орта мектеп-гимназиясы

Статистика

Барлығы Онлайнда: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Кіру формасы

Бастауыш сыныптар пән бірлестігі

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады», - деп атап көрсеткендей білім беру жүйесіне бастауыш сынып мұғалімдері де өзіндік үлес қосып отыр.

Осыған орай, орта мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімдері «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» өзекті мәселесі бойынша «Оқушылардың бойында өзін-өзі жетілдіру қабілетін, қызығушылығын дамыту және өзін-өзі тану қажеттіліктерін қалыптастыру» мақсатында жұмыс жасады.

Бастауыш сынып пән бірлестігінде 23 мұғалім ұстаздық қызмет атқарады. Олардың 3-еуі жоғары санатты, 8 мұғалім бірінші санатты, 7-еуі екінші санатты, 5-еуі жас маман.

Бастауыш сыныптар пән бірлестігі

       Бастауыш сыныптар пән бірлестігі

Бастауыш сыныптарда 24 сынып комплектісі, 2 мектепалды даярлық сыныбы, барлығы 586 оқушы білім алуда. 1-сыныптар бойынша 120 оқушы, 2-сыныптар бойынша 174 оқушы, 3-сыныптар бойынша 173 оқушы, 4-сыныптар бойынша 119 оқушы бар.

Оқу жылының басында бастауыш сынып пән бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары жасалынып, бекітілді. Жоспар бойынша бірлестік отырыстары, жас мамандармен жұмыс, аттестациядан өтетін мұғалімдермен жұмыс, дарынды оқушылармен және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс, мектепішілік бақылау кестесі құрылды.

Жас мамандарға тәлімгерлер тағайындалып, жыл бойында сабақтарына қатысып, методикалық көмек көрсетілді. Мектептің үлгілі, тәжірибелі ұстаздарымен еңбек жолын жаңа бастаған жас мамандар іс-тәжірибелерін ортаға салып, дөңгелек үстел өткізілді. С.Солтанбекова «Бастауыш сыныптарды оқытудың мазмұны мен әдіс–тәсілдері» атты баяндама оқып, М. Бижуманова «Мәтінмен жұмыс істеу арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту» тақырыбында пікірталас жүргізсе, А. Исмаилова «Оқушылардың ақыл-ой қабілетін қалыптастырудағы «ҮӘЖ» технологиясының әсері», Ғ. Бейсенбекова «Ана тілін оқытуда проблемалық оқытуды қолдану» атты шығармашылық жұмыстарын ортаға салды.

«Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы» дегендей Байғабылова Сымбат Әжібайқызы ұстаздық жолын шәкірт тәрбиесіне арнап, құрметті зейнеткерлікке шықты. Осы уақыт ішінде өзінің білімділігі мен іскерлігін танытып, ұжымда да, ата-аналар арасында да жоғары абырой мен беделге ие болды. Оқушыларға күш-жігерін сала отырып, жан-тәнімен қызмет атқарды.

Сабдикенова Раушан Тұрсынқызы 1976 жылдан бастап ұстаздық еңбек жолында талмай, қажымай еңбек етіп келеді. 1994 жылдан бері Қапшағай қаласында жұмыс істеуде. Облыс көлемінде Р.Сабдикенова «Білім - болашақ кепілі» атты іс-тәжірибе тарату кітабы жарық көрсе, қалалық білім бөлімінің «Ізденіс. Жетістік. Шығармашылық» атты облыс көлемінде жарық көретін басылымында «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» атты мақаласы жарияланды.

Ишенғалиева Алтын Жансейітқызы оқушыларға халықтық әдет-ғұрыпты насихаттау арқылы адамгершілік пен адалдыққа, Отан сүйгіштікке, халықтың асыл қазыналарын сақтап, соны оқушы бойына дарыта білді. Ұстаздың сан-салалы, білім деңгейі, әдістемелік, ұстаздық біліктілігі, шеберлігі сабақтан көрініс табады. Сабақты жаңаша ұйымдастырып, интерактивті тақтамен ана тілінен «Ғарышқа ұшу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Іздеу
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2016  »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Copyright ОМГ-Инфо © 2016
Хостинг от uCoz