Қапшағай орта мектеп-гимназиясы - Дене шынықтыру, салауаттану, АӘД пәндер бірлестігі
Жексенбі, 04.12.2016, 17:16
Приветствую Вас Гость | RSS

Қапшағай қаласы орта мектеп-гимназиясы

Статистика

Барлығы Онлайнда: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Кіру формасы

Дене шынықтыру, салауаттану, АӘД пәндер бірлестігі

Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды, тазалық пен санитария ережелерін насихаттау, жас өспірімдерді дене шынықтыру мәдениетіне тәрбиелеу барысында «Оқушыларды ұлттық педагогика негізінде спорт түрлерін үйрете отырып, салауаттылыққа тәрбиелеу, дені сау, рухы мықты, шымыр болып өсуіне ықпал жасау» мақсатында орта мектеп гимназиясында дене шынықтыру пән бірлестігінде 11 мұғалім тәлім береді. 7 жоғары білімді, 4 арнайы орта.Оның ішінде 2 мұғалім ІІ санатта. Пән бірлестігінің өзекті мәселесі: «Салауатты өмір салтын қалыптастыру сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді және ұлттық ойындарды қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру».

Гимназияда 2 спорт зал, 1 бассейн, 1 тренажерлық зал, 1 стадион бар. Тренажерлық зал, бассейн, спорт залдары барлық жабдықтармен толық қамтамасыздалған.

Спорт залында  Тренажер залында

                   Спорт залында                                                     Тренажер залында

Мұғалімдердің бүгінгі күні оқыту үрдісінде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерден дер кезінде хабардар болып отыруы – сапалы білім берудің кепілі. Сондықтан да мұғалімдердің біліктілігін жетілдеру мұғалімдер жоспар бойынша АОМКДИ курстарына барады. Биылғы қалалық «Үздік дене шынықтыру мұғалімі 2009» байқауына қатысып Молдахметов Д. ІІ орынды иеленді.

Спорт жалпы салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Ол оқушылардың бойында күш, ептілік, төзімділік секілді моральдік-ерік сапаларын дамытудың тиімді құралы болып табылады. Орта мектеп гимназиясында сыныпаралық спорттық сайыстар жиі өткізіліп тұрады.

Мақтаныш етіп айтсақта артық емес қалалық мектеп аралық спартакиададан оқушыларымыз алдыңғы қатарда. Атап айтсақ 2008 жылы Қапшағай қаласында өткізілген Футбол жарысынан 12 команда арасынан І орынды (жетекшісі Молдахметов Д.), қараша айында қалалық мектепаралық тоғызқұмалақ сайысынан 2 оқушымыз ІІ орынды иеленді. Жеңіл атлетика жарысында оқушыларымыз бас жүлделермен оралды. Атасақ 400 метрге жүгіруде алдына жан салмаған желаяғымыз 8 «Б» сынып оқушысы Джакишева Малика, 1500 метрге жүгіруде 9 «Ә» сынып оқушысы Мухаметкали, ұзындыққа секіруде 9 «Б» сынып оқушысы Черяздан Қанат, 3000 метрге жүгіруде Мухаметкалимов Медет, 100 метрге жүгіруде 7 «Ә» сынып оқушысы Сибат Ратха жеңімпаз атанды..

Қаңтар айында мектепішілік 5-6 сынып арасында «Әкем, шешем және Мен» атты оқушы ата-аналар арасында спорттық эстафеталық сайыс өтті. Эстафеталық сайысқа 6 жанұя қатысты.

6 наурызда мектебімізде 4-7 сынып оқушылары арасында «Арома» спартакиада ойындары өткізілді. Спартакиадаға 4-7 сынып оқушылары қатысты. Әр түрлі спорт ойындары өткізілген сайысқа 120 оқушы қатысты.
Спартакиадаға қатысушылар
      Спартакиадаға қатысушылар

Іздеу
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2016  »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Copyright ОМГ-Инфо © 2016
Хостинг от uCoz