Қапшағай орта мектеп-гимназиясы - Ағылшын тілі пәні бірлестігі
Жексенбі, 04.12.2016, 17:15
Приветствую Вас Гость | RSS

Қапшағай қаласы орта мектеп-гимназиясы

Статистика

Барлығы Онлайнда: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Кіру формасы

Ағылшын тілі пәні бірлестігі

            Шетел тілін оқып, үйрену оқушылардың өз бетінше ойлау, есте сақтау қабілеттерінің жетілуіне, сезімі мен эмоциясының, дүниеге рухани және эстетикалық көзқарасының, мінез–құлқының қалыптасуына, өз бетімен ізденіп, білімін көтеруге деген ұмтылыстарын дағдыға айналдыруға әсер етіп, олардың жан–жақты дамыған азамат болуына ықпал жасауы керек. Тілдік материалмен жұмыс істеу нәтижесінде оқушылар бір ойды білдірудің әр түрлі тәсілдеріментанысады.

            Ағылшын тілі бірлестігінде 5 мұғалім бар. Олардың екеуі жоғарғы санатты, екеуі бірінші санатты, ал біреуі жас маман.

Олар: Далабаева З., Нағасбекова Г.,Үмбетова Б., Ғ.Ахметова, Тапиева Ы.

Бірлестіктің өзекті мәселесі: «Оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығын арттыру, мәтін мазмұны, сөйлеу дағдыларын дамыту арқылы сөздік қорларын байыту»

Мақсаты: Жекелеген сыныптарда ағылшын тілі пәнін тереңдете оқыту барысында бәсекеге қабілетті, көп тілді меңгерген тұлға қалыптастыру.

Міндеттері: Шет тіліне деген қызығушылығын арттыра отырып, сөйлеу дағдысын жетілдіру. Оқушыға сапалы білім беруде арнайы жабдықталған пән кабинеттерінің мүмкіндігін толық пайдалану.

           З.Далабаева наурыз айында қалалық семинарда ашық сабақ өткізді, сәуір айында «Үш тілде білім беру – көп мәдениетті тұлға қалыптастырудың негізі» тақырыбында курстан өтті. Талдықорған қаласы №20 дарынды балалар мектебінде өткен семинарға қатысты.

Жас маман Ы.Тапиева ағылшын тілі пән апталығы кезінде "ХХІ ғасыр көшбасшысы” сайысын өткізді.

Г. Нағасбекованың 8А сынып оқушысы Қ.Әділшынов қалалық олимпиададан жүлделі І орынды иеленді. Б.Е.Үмбетованың 10А сынып оқушысы Н.Жайылова қалалық олимпиададан ІІ орын, 9Б сынып оқушысы Қастеева А, 8Ә сынып оқушысы Нұргелді Әсел ІІІ-ші орынды иеленді. Ғ.Ахметова қалалық педагогикалық оқуға қатысып «Қазақстанның ұлттық құндылықтарын сабақта және сабақтан тыс кезде қолдану» тақырыбындағы баяндамасы жүлделі екінші орынды иеленді. Осы баяндамасы үшін облыстық педагогикалық оқуда мұғалім ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Іздеу
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2016  »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Copyright ОМГ-Инфо © 2016
Хостинг от uCoz