Қапшағай орта мектеп-гимназиясы - Жаратылыстану пәндері бірлестігі
Жексенбі, 04.12.2016, 17:16
Приветствую Вас Гость | RSS

Қапшағай қаласы орта мектеп-гимназиясы

Статистика

Барлығы Онлайнда: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Кіру формасы

Жаратылыстану пәндері бірлестігі

Химия, биология, география әдістемелік бірлестігі оқу жылының басында құрылған. «Сабақта деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқушыларға терең білім беру арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру» атты өзекті мәселесі бойынша жұмыс жасайды. Бірлестікте 6 мұғалім жұмыс жасайды. Оның ішінде 6 мұғалім жоғары білімді. 1 мұғалім жоғары санатты, 2 мұғалім бірінші санатты, 2 мұғалім ІІ санатты, 1 жас маман. Барлық мұғалімдер мамандығына сай жұмыс істейді, маман емес мұғалім жоқ.

Мектепте 2 химия кабинеті, 2 биология кабинеті, 2 география кабинеті бар. Сонымен қатар сарамандық зертханалық жұмыстарға қажетті құралдармен жабдықталған 2 химия, 1 биология зертханасы қолданылуда. Жоспарлы зертханалық жұмыстарды оқушылар топтық үлгіде орындауға дағдыланған.

 Сондай-ақ химия кабинетінде реакция нәтижесінде бөлінетін иістерді тартуға арналған тартпа шкаф заман талабына сай құрылған. Шкаф сарамандық жұмыс барысында ұдайы қолданылады.

Химия зертханасы Химия зертханасы

                                                Химия зертханасында

 

Мұғалімдердің бүгінгі күні оқыту үрдісінде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерден дер кезінде хабардар болып отыруы - сапалы білім берудің кепілі. Сондықтан да мұғалімдердің біліктілін жетілдіру курстарынан уақтылы өтіп отыруы біздің әдістемелік бірлестікте басты назарда ұсталады. 2008-2009 оқу жылында ХБГ бірлестігінде 2 мұғалім дарынды оқушымен жұмыс жүргізуде білім технологияларын пайдалану және география пәнінен электронды оқулықпен оқыту бойынша білім жетілдіру курстарынан өтті.

Ақпан айында мектеп әкімшілігі ББЖКБАРИ-дан педагогика ғылымдарының докторы Ж.Кобдикованы арнайы шақыртып өткізген «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясы бойынша 3 күндік курстан 4 мұғалім өтіп, сертификат алды. Осы технология бойынша география пәнінен Г.Таласбаева мен Е.Смайлова жұмыс дәптерлерін әзірлеуді қолға алды.

 Пән апталығында оқушылардың пәнге деген ықыласын артып, қызығушылықтары анықтала бастаса онда пәнді меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылар білімін дамытып қана қоймайды, олардың жан-жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді. Оқушы бойындағы бейімділік пен икемдікті дамыту мақсатында І жарты жылдықта химия, биология, география пәндерінен өткізілген пән апталығында сыныптан тыс пәндік сайыстар, интеллектуалды ойындар, конференциялар мен акциялар, пікірталастар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, сахналық қойылымдар көрсетілді.

 «Химия және экология» тақырыбындағы 10 «а» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткен интерактивті кеште оқушылар ғаламдық мәселеге жоғары ғылыми дәрежеде сипаттама бере отырып өздерінің туған қаласы Қапшағайдың экологиялық мәселелеріне тоқталды. «Жер жаннаты – Жетісу» деп аталатын пресс-конференцияда 10 «ә» сынып оқушыларының тілшілері туып өскен өлкенің қазба байлықтарымен, өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен жан-жақты таныстыра келе туған жерге деген сүйіспеншіліктерін паш етіп, оны аялап, қорғауға шақырды.

Химия және экология Аймақтық семинар

 «Химия және экология» интерактивті кеші       Аймақтық семинар кезінде


Қазіргі таңда оқыту үрдісін жоспарлау, қолдану және бағалаудың тиімді әдістерін ұсынушы жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Олардың негізгі мақсаты біреу – өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптастыру. Жаңа технологияны оқу үрдісінде пайдалануға үйрену, өз тәжірбиесінде қолдану оны көпшілік назарына ұсынудың бір жолы әдістемелік семинарлар. Осы орайда қазан айында өткен «Жаратылыстану пәндеріне ақпараттық және электрондық оқулықтарды пайдалану» аймақтық семинарында химия пәні мұғалімі Г. Құлжанова «Оттектің химиялық қасиеті. Жану» тақырыбындағы сабақ үлгісін ақпараттандыру технологиясы арқылы өткізсе, география пәні мұғалімі Г. Таласбаева «Еуразия климаты», биология пәні мұғалімі Б. Нұрмағанбетова «Сезім мүшелері және олардың қызметі» атты ашық сабақтарында электронды оқулықты тиімді пайдалану жолдарын көрсетті.

Бүгінгі таңда білім беру ісі өзінің өзгешелігімен жаңарып, жақсаруымен бізді күннен–күнге таңқалдырып отырғаны баршамызға аян. Білім мен техника, мәдениет жақсылап дамымайынша мемлекетте дами алмас деп тектен-тек айтылмаса игі еді. Сондықтан да білім сапасын көтеру, жас ұрпақты үлкен белеске алып шығу ұстаздар қауымына байланысты. Ұстаз жаңа заман талабына жауап беретін, қазіргі жаңа технологиялар мен қаруланған болуы тиіс. Ұстаз өз бойындағы білімі мен білігін үздіксіз шыңдап отырғанда ғана ұстаз. Осындай ұстазымыздың бірі - химия пәні мұғалімі Мусабекова Салима Өмірзаққызы. Бірлестіктің алдына қойған міндеттерінің бірі – экологиялық білім беру болса осы міндетті жүзеге асыруда С. Мусабекова өз шеберлігін көрсете білді. Ұстаз химия пәнінен білім беруде пән негіздерін ғана меңгертіп қоймай оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға жұмыс атқарып келеді. Туған анамыздың бірі табиғатты қорғау мәселесі бір елдің ұлттың не бір мемлекеттің ғана еншісіндегі міндет емес. Бұл бүкіл ғаламдық жұмыла бірігетін жұмыс. Осы ұстанымды берік ұстанған ұстаз өз сабақтарында экологиялық тәрбиені басты назарда ұстайды. 10 «А» сынып оқушыларымен өткізген «Химия және экология» ашық конференция сабағы интерактивті тақтада өтілді. Сабақ барысында химиялық қарапайым тәжірбиелер көрсетілді. Сабақ «Жайнай бер, Жетісуым» атты облыстық конференция материалдары жинағына енді.

Химия пәні мұғалімі Г. Құлжанованың химия пәнінен таңдау курсының бағдарламасы авторлық бағдарламалар конкурсына облысқа жіберілді.

Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Ал бүгінгі күрделі жаңарулар тұсында балалардың шығармашылық бастамасы басты нысана болып отыр.
Іздеу
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2016  »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Copyright ОМГ-Инфо © 2016
Хостинг от uCoz