Қапшағай орта мектеп-гимназиясы - Тарих пәні бірлестігі
Жексенбі, 04.12.2016, 17:15
Приветствую Вас Гость | RSS

Қапшағай қаласы орта мектеп-гимназиясы

Статистика

Барлығы Онлайнда: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Кіру формасы

Тарих пәні бірлестігі

Тарих, құқық пәндері бірлестігінің өзекті мәселесі: сабақта жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушыларға терең білім беру және өз халқының тарихын тануға деген қызығушылығын арттыру. Бірлестікте 6 мұғалім жұмыс атқарады. Барлығы жоғары білімді.

Жоғары санатты 1 мұғалім - Ж.Бакенова, бірінші санаттағы 2 мұғалім - М.Оспанова, З.Бердісүгірова, екінші санатта 1 мұғалім - Н.Нұрбаев, екі жас маман – бар, олар - А. Түсіпжанова мен А.Құрманова.

 "Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы” демекші, мектеп шәкірттері тарих пәнінен бәйгелер мен түрлі байқаулардың қалалық, облыс және республика деңгейінде жеңімпаздар атанып жүр. Шығармашылықпен еңбек ететін, іздемпаз ұстаз қашанда шәкірт жүрегіне жол табады. Мектеп мәртебесін көтеруге қажыр-қайрат жұмсап жүрген ұстаздар қалалық,, облыстық, республикалық бәйгелерде өз шәкірттерін шыңдап, қатыстыруда да үлкен нәтижеге жетті. Мысалы: қалалық өребәйгеде Бердісүгірова Зияданың 8в сынып оқушысы Құрманбаев Мақсат І орын алса, Оспанова Майраның 8а сынып оқушысы Назтай Айдана ІІ орын , 9 сынып оқушысы Черяздан Қанат ІІ орын, 10а сынып оқушысы Ақылаева Гүлмира ІІ орынды иеленді. Бакенова Жібектің 11а сынып оқушысы Мұздыбаева Жанерке ІІ орынды иеленді.

Мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – дарынды оқушылармен жүйелі түрде жұмыс жүргізу. Осындай міндетті жүзеге асыруда Оспанова Майра Әскерқызы өзінің қабілеттілігі және іздемпаздылығымен басқаларға үлгі бола білді. Мұғалімнің оқушысы Тәжібай Ақбота "Шоқан - ірі тұлға, кемеңгер суретші” атты ғылыми жұмысын, ұстазының жетекшілігімен Кіші ғылыми академияның 35-республикалық кезеңінде ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Іздеу
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2016  »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Copyright ОМГ-Инфо © 2016
Хостинг от uCoz