Қапшағай орта мектеп-гимназиясы - Мектеп туралы ақпарат
Жексенбі, 04.12.2016, 17:15
Приветствую Вас Гость | RSS

Қапшағай қаласы орта мектеп-гимназиясы

Статистика

Барлығы Онлайнда: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Кіру формасы

Мектеп туралы ақпарат

Алматы облысы Қапшағай қаласындағы қазақ орта мектеп-гимназиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жүз мектеп, жүз аурухана» бағдарламасы аясында салынып,
2008 жылы 13 қыркүйекте пайдалануға берілді.




Бүгінгі күнде бұл мектеп-гимназияда 1247 оқушы білім алып жатыр, 100 мұғалім, 6 тәрбиеші жұмыс істейді. Оқушылардың заман талабына сай жан-жақты білім алуына барлық жағдай жасалған, атап айтқанда, мектепте 2 спорт зал, 1 тренажер залы, 1 бассейн, 1 хореография залы, 150 орындық асхана, 300 орындық мәжіліс залы, медбике бөлмесі, заман талабына сай жабдықталған кітапхана, 1 ағаш өңдеу және 1 темір өңдеу, 1 тігін шеберханасы,1 аспаздық  бөлме бар.

 


 

Мектеп-гимназияда оқушы бойындағы талап пен талантты жетілдіру мақсатында әртүрлі факультативтік және үйірме сабақтары жүреді. Хореография, домбыра, вокалдық суретші үйірмелермен қатар бойында актерлік қабілеті бар балаларға арналған «Жас актер» үйірмесі, спортсүйер оқушыларға арналған баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ үйірмелері жұмыс істейді.

  



 
  
Бүгінгі таңда білім беру мекемелерінің алдында өз бетінше іздене алатын, өзіне қажетті білімді өз бетінше ала алатын тұлға тәрбиелеу міндеті тұр, бұл міндетті жүзеге асыруда оқыту технологияларының алатын орны ерекше.Ашылған күннен бастап білім беру үрдісіне оқытудың ақпараттық коммуникативті технологиясын енгізу жұмыстары қолға алынып, қарқынды жүргізіле бастады. Мектепте 65 оқу кабинеттері мен 6 зертхана жұмыс істейді. Соның ішінде 3 мультимедия, 3 информатика,  арнайы жабдықталған физика, химия, биология кабинеттерінде GLX құрылғылары бар. Ашылған жылы мектепте 1-ғана интерактивті тақта мен 1 мультимедиа кабинеті болса, бүгінгі күні  мектепте  35 интерактивті тақта оқушылардың сапалы білім алуына қызмет етеді.  Барлығы 172 компьютер жұмыс істеп тұр,  1 компьтерге 7 оқушыдан келеді.
   



  
 «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады», - деп Елбасымыз айтқандай, болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орнын алуы, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Мектеп-гимназия ұжымы білімді ұрпақ тәрбиелеуді басты мақсат деп ұстанып, алдағы уақытта да шынайы шығармашылықпен жұмыс жасайды.



Іздеу
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2016  »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Copyright ОМГ-Инфо © 2016
Хостинг от uCoz