Қапшағай орта мектеп-гимназиясы - Көркем-эстетикалық, технология пәндері бірлестігі
Жексенбі, 04.12.2016, 17:13
Приветствую Вас Гость | RSS

Қапшағай қаласы орта мектеп-гимназиясы

Статистика

Барлығы Онлайнда: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Кіру формасы

Көркем-эстетикалық, технология пәндері бірлестігі

Өнер мен білімді бір-біріне байланыстыра отырып, оқушыларға өз мүмкіндігінше шығармашылық жұмыс жасап, қазіргі заман талабына сай жаңаша тәсілмен түрлендіре білуге шыңдау үшін орта мектеп-гимназияда барлық жағдай жасалған. Осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып мектепте «Көркем-эстетикалық» әдістемелік пәндер бірлестігі «Оқу үрдісінде білім беру технологияларын тиімді қолдана отырып оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» өзекті мәселесі бойынша жұмыс жасайды. Бірлестікте 10 пән мұғалімі бар. Олардың екеуі - І санатты, екеуі - ІІ санатты, алтауы - санаты жоқ мұғалімдер.

Пән мұғалімдерінің сабақтарында халықтық педагогика өз жалғасын тауып, ұлттық өнер мен қазіргі өнерді байланыстырушылар қатары молайып келе жатыр. Атап айтсақ технология пән мұғалімі Б.О. Сызбаеваның жетекшілігімен «Кілем тоқу», «Ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау», М.Қ. Бекбосынованың жетекшілігімен «Ұсақ моншақтармен кестелеу технологиясы» және Р.Б. Нұрпеисованың жетекшілігімен «Көркем қолөнер технологиясы» сияқты тақырыптар аясындағы төмендегі оқушылардың шығармашылық жұмыстары көрме қойылымында көптің көңілінен шығып, облыстық институт жанынан шығарылатын каталогқа ұсынылды.

Қолөнер сабағында Тігін шеберханасында

                   Қолөнер сабағында                                              Тігін шеберханасында

Металл өңдеу шеберханасында  Аспаздық сабағында

               Металл өңдеу шеберханасында                           Аспаздық сабағында

«Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық» дейді халқымыз. Оқушыларды шығармашылық бейнелеу өнеріне баулып, ынтасын, қызығушылығын арттырып жүрген ұстаздардың бірі - Г. Хаджиева жас суретшілеріміздің шығармашылығынан «Менің сүйікті өнерім» атты тақырыпта көрме ұйымдастырып, 5-сынып оқушылары Ақанов Ерасыл мен Батырбеков Шыңғыстың «Бейбітшілік және суретші» тақырыбында салған суреттері облыстық институт жанынан шығарылатын суретшілер каталогына жіберілді. 7а сынып оқушысы Хусайнова Альмираның «Басқа планетадағы өмір атты» шығармашылық жұмысы Чехияда өткен халықаралық сурет көрмесіне жіберілді.

Е. Ақановтың суреті  Ш. Батырбековтың суреті

                  Е. Ақановтың суреті                                        Ш. Батырбековтың суреті

Музыка пән мұғалімдері де өзінің шығармашылық және жоғары деңгейлі білімін жас өспірімдерге беруге тырысады. Қаңтар айында өткен «Шабыт» жастар шығармашылық фестивалінде «Дәстүрлі әндер» номинациясы бойынша «Орындаушылық шеберлігі үшін» 10а сынып оқушысы Мұқашева Әсел және «Эстрадалық ән салу» байқауында «Ең үздік әнші» номинациясы бойынша 10а сынып оқушысы Қалиахмет Дана марапатталды. Жетекшісі: Абильтаева Ф.Ж.

Наурыз айында өткен «Жетісу жұлдыздары-2009» байқауында «Эстрадалық ән салу» номинациясы бойынша 1ә сынып оқушысы Жолдыбай Жансая І орын алды, пән мұғалімі - Иникеева А.Б. Осы байқауда би үйірмесінің жетекшісі С. Садуакасованың жетекшілігімен «Салтанат» би тобы және музыка пән мұғалімі Ш. Лепесованың жетекшілігімен «Жас өркен» ансамблі І орын иеленді.

Іздеу
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2016  »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Copyright ОМГ-Инфо © 2016
Хостинг от uCoz