Қапшағай орта мектеп-гимназиясы - Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі
Жексенбі, 04.12.2016, 17:16
Приветствую Вас Гость | RSS

Қапшағай қаласы орта мектеп-гимназиясы

Статистика

Барлығы Онлайнда: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Кіру формасы

Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі

           Бүгінгі мектеп мұғалімі алдында тұрған басты міндет – өз бетінше жүйелі дайындалатын, берген білімді, дағдыны меңгеретін, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында пән бірлестігі «Оқытудың озық технологияларын қолдана отырып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту, ғылыми ізденіске баулу, жазу сауаттылығы мен сөйлеу мәдениетін көтеру» өзекті мәселесі бойынша жұмыс істейді.

           Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінде 7 мұғалім еңбек етеді:

 3 мұғалім жоғарғы санатты, 2 мұғалім 1-санатты, 1 мұғалім 2-санатты, 1 мұғалім жас маман.

Қазақ тілі бірлестігі

           Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі

Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы» дегендей, бірлестікте қазіргі заман талабына сай оқу үрдісіне оқытудың жаңа технологияларын енгізу арқылы нәтижеге бағдарланған білім бере отырып, бәсекеге қабілетті

шығармашыл, білімді тұлғаны тәрбиелейтін әдістемелік шеберлігі шыңдалған мұғалімдер еңбек етеді. Атап айтқанда, Жақсымбетова Г.О. облыстық «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» байқауына қатысып, бас жүлдегер атанса, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Оқытудың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы – бағалаудың тиімді жолы» тақырыбындағы баяндамасы жоғары бағаланып, конференция материалдары жинағына енгізілді.

Раханова Б.М. қала көлеміндегі семинарларда «Бесеудің хаты», «Стиль оның түрлері» тақырыбында панорамалық сабақтар, «Абайдың қара сөздері», «Шығыс ұлына хат» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.

          Г. Өтемуратова ҰБТ – ға дайындаудың шебері. Бүгінгі таңда оқушы білімінің сапасы тест тапсырмалары арқылы көрінетіні баршамызға мәлім. Қазақ тілінен оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда Г. Өтемұратова жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүр. 2006-2007, 2007-2008 оқу жылдарында мектеп бітіруші оқушылары 100% пайыз білім сапасын көрсетті.

Пән бірлестігінің алға қойған міндеттерінің бірі–дарынды оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізу. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі де баршылық.

Іздеу
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2016  »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Copyright ОМГ-Инфо © 2016
Хостинг от uCoz