Қапшағай орта мектеп-гимназиясы - Әдістемелік қызмет
Жексенбі, 04.12.2016, 17:14
Приветствую Вас Гость | RSS

Қапшағай қаласы орта мектеп-гимназиясы

Статистика

Барлығы Онлайнда: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Кіру формасы

Әдістемелік қызмет

Мектеп-гимназияда 9 пән бірлестігі бар:

Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі;
Орыс тілі пәні бірлестігі;

Ағылшын тілі пәні бірлестігі;

Тарих пәні бірлестігі;

МИФ пәндері бірлестігі;

Химия, биология, география пәндері бірлестігі;

Көркем-эстетикалық, технология пәндері бірлестігі;

Бастауыш сыныптар пән бірлестігі;
Дене шынықтыру, салауаттану, АӘД пәндер бірлестігі.



Мектептегі әдістемелік қызмет

Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орнын алуы білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты. Оны жүзеге асыруда мұғалім шығармашылығы мен құзыреттілігінің мәні зор десек, оның мақсатты түрде кәсіптік деңгейінің үздіксіз дамуына жағдай жасау, қолдау көрсету - мектептегі әдістемелік қызметтің басты міндеті.


            
 
 
          Мектептің әдістемелік қызметтің озық тәжірибелері мен дәстүрлерін сақтау және дамытудың да маңызы зор. Осы жұмыстардың бәрі де мектеп директорының оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасардың құзырында болады.

Мектептегі әдістемелік жұмысты басқару оның міндеттері, мазмұны және ұйымдық негізін директоры, оның орынбасары ғана емес, мұғалімдер де анық та нақты ұғыну қажет. Орта мектеп-гимназиядағы әдістемелік жұмысты ұйымдастыру төмендегі функциялардан тұрады:

- мектептік педұжымының педагогикалық тәжірибесін жүйелі түрде зерттеу, жинақтау және тарату, жұмыс тәжірибелерін жариялау;

- педагогика ғылымының жетістіктерін жұмысқа қолдану қызметінде инновациялық бағыттылықты қалыптастыру;

- мұғалімдердің пәндік және психологиялық-педагогикалық дайындық деңгейін көтеру, өздік білімін жетілдіруді ұйымдастыру, теориялық және әдістемелік семинарлар өткізу;

- жаңа оқу бағдармаларын, жоспарларын, мемлекеттік білім стандарттарын оқып, үйренуді ұйымдастыру;

- оқыту және тәрбиелеудің жаңа технологиясы, түрлері мен әдістерін белсенді түрде қолдануды ұйымдастыру;

- жаңа нормативтік құжаттар, нұсқау – әдістемелік материалдармен танысуды ұйымдастыру;

- ғылыми-әдістемелік көмекті дербес және жеке ерекшеліктерді ескере отырып ұйымдастыру – жас мұғалімдерге, пән мұғалімдеріне, педагогикалық жұмыста белгілі бір қиындыққа кезіккен мұғалімдерге кеңес беру.

         Орта мектеп-гимназия ұжымы "Білім беру үрдісін ақпараттандыру арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру, мұғалімдердің ғылыми-шығармашылық ізденістерін жетілдіру” деген өзекті мәселемен жұмыс істейді.

Ұжымда 81 мұғалім еңбек етеді. Оның ішінде 72 мұғалім жоғары білімді, 2 мұғалім аяқталмаған жоғары білімді, 7 мұғалім арнаулы орта білімді.

19 мұғалім жоғары санатты, 26 мұғалім бірінші санатты, 15 мұғалім ІІ санатты. Барлық мұғалімдер мамандығына сай жұмыс істейді. Математика пән мұғалімі Есбергенова Ардақ Қасенғазықызы - Ы.Алтынсарин медалінің иегері.
          2 мұғалім – Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің үздігі» белгісімен;

          3 мұғалім – Білім және Ғылым министрлігінің «Құрмет» грамотасымен;

          3 мұғалім – Облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен»;

          3 мұғалім – Облыстық білім департаментінің «Құрмет» грамотасымен;

          9 мұғалім – Қала әкімінің және қалалық білім бөлімінің «Мақтау грамотасымен» марапатталған.

Мұғалімдердің бүгінгі күні оқыту үрдісінде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерден дер кезінде хабардар болып отыруы - сапалы білім берудің кепілі. Сондықтан да мұғалімдердің біліктілін жетілдіру курстарынан уақтылы өтіп отыруы - мектептегі әдістемелік қызметтің маңызды саласы.

2008-2009 оқу жылында орта мектеп-гимназияда 22 мұғалім 12 жылдық білім беру бағдарламасы және білім беру технологиясы, дарынды оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру жолдары және интерактивті тақтамен, электронды оқулықпен оқыту бойынша білім жетілдіру курстарынан өтті. Соның ішінде 6 мұғалім 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша өтіп келді. 3 мұғалім ББЖ КБАР институтынан, 2 мұғалім Астана қаласынан курстан өтті Курстан өтіп келген мұғалімдер өз пән бірлестіктерінде семинарлар өткізіп, жаңалықтар мен алған білімдерін ортаға салып отырды. Сонымен бірге ақпан айында мектеп әкімшілігі ББЖ КБАРИ-дан педагогика ғылымдарының докторы Ж.Кобдикованы арнайы шақыртып, 45 мұғалім «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясы бойынша 3 күндік курстан өтіп, сертификат алды.

Мектебімізде әдістемелік жұмыстарды үйлестіретін әдістемелік кеңес жұмыс істейді. Әдістемелік кеңестің функциясы: мұғалімдердің педагогикалық біліктілігі мен теориялық деңгейлерінің артуына ықпал етіп, нақты әдістемелік көмек көрсету.

Мектеп әдістемелік кеңесі мына бағыттар бойынша жұмыс істейді:

           1. Пән бірлестіктерінің жұмысы;

           2. Шығармашылық топтың жұмысы;

           3. Мұғалімдердің біліктілігін көтеру;

           4. Пән апталықтарын өткізу;

           5. Мұғалімдерді аттестаттау;

           6. Озық педагогикалық тәжірибені қалыптастыру, қолдану және тарату.

        Әдістемелік кеңес мектептің әдістемелік жұмыстарының жалпы бағдарламасын, семинар, практикалық материалдардың жоспарын жасайды.

Әдістемелік кеңестерде әдістемелік кеңес мүшелерін сайлау, жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту, пән бірлестіктерін құру және жетекшілерін бекіту, шығармашылық топ құрып, қолданбалы курстар бойынша таңдап алынған пәндердің бағдарламаларын жасау, мұғалімдерді, педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесімен таныстыру, дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар, тереңдетіліп оқытылатын пәндердің жүргізілу барысы, білім сапасын арттырудағы ақпараттандырудың маңызы, тәлімгерлердің жас мамандармен жүргізіп жатқан жұмыстары, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеру мәселелері, үлгерімі төмен оқушылармен жүргізіліп жатқан жұмыстар, шығармашылық топтың жұмысы, сонымен бірге өткізілген пән апталықтарының қорытындылары талқыланып, белгілі бір қорытынды, сараптамалар жасалып отыр.

Іздеу
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2016  »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Copyright ОМГ-Инфо © 2016
Хостинг от uCoz