Қапшағай орта мектеп-гимназиясы - МИФ пәндері бірлестігі
Жексенбі, 04.12.2016, 17:14
Приветствую Вас Гость | RSS

Қапшағай қаласы орта мектеп-гимназиясы

Статистика

Барлығы Онлайнда: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Кіру формасы

МИФ пәндері бірлестігі

2008-2009 оқу жылында әдістемелік бірлестік «Оқу-тәрбие үрдісіне білім беру технологияларын енгізе отырып, оқушылардың шығармашылығын арттыру» мәселесі бойынша жұмыс жасады.

Мектептің өзекті мәселесін іске асыру үшін жұмыс жасайтын әдістемелік бірлестік педагогтардың әдістемелік қызметін жетілдіруіне ынталандыру, жағдай жасауға бағытталған жылдық жоспар құрып, сол бойынша біршама жұмыс атқарылды.

Оқу-тәрбие үрдісінің даму бағыты тікелей мектептің педагогикалық ұжымының кәсіби даярлығына байланысты. Бірлестікте 9 мұғалім бар, барлығы жоғары білімді. Оның ішінде 5 мұғалім жоғары санатты. Бір мұғалім – математика пәні мұғалімі Есбергенова Ардақ Қасенғазықызы 2007 жылы Ы.Алтынсарин медалін иеленді. Гимназияда төрт математика, екі информатика, екі физика кабинеті, екі зертхана бар. Бір математика кабинеті интерактивті тақтамен жабдықталып, оның барлық мүмкіндіктерін мұғалімдер сабақтарында қолдануда. Физика кабинеттері және зертханалар физикалық құралдармен толық жабдықталған.

 Мұғалімдердің бүгінгі күні оқыту үрдісінде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерден дер кезінде хабардар болып отыруы - сапалы білім берудің кепілі. Сондықтан да мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру курстарынан уақытылы өтіп отыруы - мектептегі әдістемелік қызметтің маңызды саласы. Мұғалімдер жоспар бойынша АОМКДИ курстарынан өтуімен қатар 2008-2009 оқу жылында «Интерактивті тақтаны сабақта тиімді қолдану» атты тақырыбында мектепте информатика пәні мұғалімдерінің өткізген курсынан өтті. Математика пәні мұғалімі А.Темірбаева Астана қаласында өткен «Математикадан олимпиадалық есептерді шығару әдістемесі» тақырыбында Халықаралық әдістемелік семинарға қатысып, сертификат алып қайтты.

Білім беру үрдісінің сапасы, нәтижесі мұғалімдердің инновациялық қызметіне байланысты.

Бірлестік бойынша бірнеше мұғалімдер оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында инновациялық режимде жұмыс жасайды. Үстіміздегі жылдың ақпан айында мектеп әкімшілігі ББЖКБАРИ-дан педагогика ғылымдарының докторы Ж.Кобдикованы арнайы шақыртып, «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясы бойынша өткізген үш күндік курстан бірлестіктің бес мұғалімі өтіп, сертификат алды.

Ж.Кобдикованың қатысуымен математика пәні мұғалімі Ж.Умбеталинова осы технологияны пайдаланып, ашық сабақ өткізді. Алдыңғы қатарлы іс-тәжірибені қалыптастыру, оны жинақтау мен тарату - әдістемелік қызметтің маңызды саласы. Мұғалім жұмысын зерттеуде озық педагогикалық тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамыту мен жетілдіруде үлкен орын алады. Қалалық семинарда А.Есбергенова, З.Мусапирова «ҰБТ-ға дайындау әдістемесі» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Р.Сембаева, Ж.Мылтықбаева "Білім сапасын басқарудың әдіснамалық негіздері " атты облыстық конференцияға қатысып, өз тәжірибелерін ортаға салды. Қоғамымыздағы түбегейлі өзгрістер әрқайсысымыздың белсенділігімізді арттырып, ой-өріс пен санадағы өрлеуге жаңа жол ашып отыр. Әрине, рухани жаңару өзінен-өзі жүзеге аспайды, ол үшін жаңа толқын жастар бойына ұлтымыздың асыл қасиеттерін сіңіріп, ғылым мен білімге баулу қажет. Сондықтан да бірлестік мұғалімдерінің басты міндеті болып табылатын дарынды оқушылармен жұмыс та өз нәтижесін көрсетті. Қалалық пәндер олимпиадасына математика, физика пәндері бойынша қатысқан оқушылар төмендегідей нәтиже көрсетті: физикадан 11-сынып оқушысы Е.Қуатжантегі ІІ орын иеленіп, облыстық олимпиадаға іріктеуден өтіп, жолдама алды (мұғалімі З.Мусапирова); математикадан 11-сынып оқушысы А.Темірғалива (мұғалімі А.Есбергенова) және 9-сынып оқушысы Ж.Манап (мұғалімі А.Темірбаева) ІІ-орын алып, олар да облыстық олимпиадаға іріктеуден өтіп, жолдама алды; 8-сынып оқушысы Г.Байсүгірова ІІ орын, 10-сынып оқушылары Д.Қалиахмет, А.Алиева ІІІ орын иеленді. Облыстық олимпиадада 11-сынып оқушысы Е.Қуатжантегі ІІ орын иеленіп, республикалық олимпиадада Қазақ Ұлттық Университетіне грант жеңіп алды. Математикадан облыстық олимпиадаға қатысқан Темірғалива А. ІІІ орын иеленді. 10-сынып оқушысы Қожабекова Маржан физикадан ғылыми жобасымен Кипрда өткен Халықаралық ғылыми жоба сайысына қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды .

Мектебіміздің ұстаздар ұжымы оқу жылы барысында да талай сайыстардың төрінен көрініп, жүлделі орындарға ие болды. Солардың бірі мұғалімнің кәсіби біліктілігін дамыту мақсаты

мен АОМКДИ өткізген «Үздік математика мұғалімі-2008» байқауына МИФ пәндер бірлестігінен математика пәні мұғалімі А.Темірбаева қатысып, жүлделі І орынды иеленді.

Іздеу
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2016  »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Copyright ОМГ-Инфо © 2016
Хостинг от uCoz