Қапшағай орта мектеп-гимназиясы - "Ізденіс" оқушылар ғылыми қоғамы
Жексенбі, 04.12.2016, 17:13
Приветствую Вас Гость | RSS

Қапшағай қаласы орта мектеп-гимназиясы

Статистика

Барлығы Онлайнда: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Кіру формасы

"Ізденіс" оқушылар ғылыми қоғамы

Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі.
Питер Клайн.
 

Бар жақсылық балаға

         Бала болмысы қашанда нәзік. Мектеп өмірінен бастау алатын бақытты шақ шуақты күндерге толы бала, бала санасы сәулелі сәттермен толығады. Алайда, тағдыр бар адамға күліп қарамайды, қатал тағдыр кез-келген жанды өз дегеніне бағындырады. Бүгінде тағдыр тәлкегіне мойынсұнып өз жолынан ерте есейген жасөспірімдер көп-ақ. Мұндайда атам қазақ «Жетім көрсең жебей жүр»-деген. Халқымыздың дарындылық қасиетінің дәлелі болардай  қаңтар айының 1 жұлдызы күні қаламыздағы қазақ орта мектеп-гимназиясында іс-шара орын алды. Аталмыш күні білім беру мекемесінде жалпыға бірдей білім беру айлығы аясында «Қамқор» қайырымдылық шарасы өткізілді. Бар қуантарлық жайт, қайырымдылық шараға белсене қатысқан ата-ана, ұстаздар мен демеушілердің қолдауында шек болмады. «Бар жақсылық балаға» деп ұрандатқан ұйымдастырушы алқалары, мектеп әкімшілігі ата-аналар комитетінің мүшелері әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына көмек көрсету мақсатында бар мүмкіндіктерін аямады. Нәтижесінде 210 000 теңге көлемінде қаржы жиналып, 32 оқушыны толықтай материалдық  жағдаймен қамтамасыз етті. Ерекше ықылас танытып, қолдау көрсеткен К.Сатаева, К.Тоқтыхан, А.Ахметова сынды ата-аналарды зор мақтанышпен айтуға тұрарлықтай.

       Қаржылай көмектің мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында комиссия мүшелері құрылып, игі шараның  өз деңгейінде аяқталуын бақылады. «Сырт көз сыншы»- демекші жүрегі мейірімге толы, аялы алақанын жая білген қайырымды жандардың згі ниетпен ұйымдастырған шаралары жүрекке иман орнатып, көңілге сенім ұялатары хақ. Бала бақытына бар жақсылығын тосатын, сүрінгенге тіреу, жығылғанға дему болатын рухы биік азаматтарымыз көп болғай.



Іздеу
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2016  »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Copyright ОМГ-Инфо © 2016
Хостинг от uCoz