Қапшағай орта мектеп-гимназиясы - Орыс тілі пәні бірлестігі
Жексенбі, 04.12.2016, 17:14
Приветствую Вас Гость | RSS

Қапшағай қаласы орта мектеп-гимназиясы

Статистика

Барлығы Онлайнда: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Кіру формасы

Орыс тілі пәні бірлестігі

Бірлестікте 5 мұғалім бар. Оның ішінде екеуі жоғары санатты, біреуі І санатты, екеуі ІІ санатты. Әдістемелік бірлестіктін өзекті мәселесі: «Оқытудың денгейлеп – саралап, дамыта оқыту, оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі технологияларын пайдалана отырып оқушылардың орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында қызығушылықтарын арттыру,шығармашылық қабілеттерінің айқындалуына, дамуына және терең білім жағдай жасау». Қазіргі таңда «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы негізінде сабақ беріп жүрген пән мұғалімдері кезекті ашық сабақтарын ойластыруда. «Шәкіртінің озғаны – ұстаздың арманы» дегендей, бүгінгі күн талабына сай нәтижеге бағытталған білімді шәкірт санасына ұялата білген ұстаздар еңбегі нәтижесіз емес.

Мектептің жас ұстазы Сабырбаева А.А. «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы негізінде қалалық семинарларда дәстүрлі емес сабақ үлгілерін көрсетіп, әріптестері тарапынан жақсы бағаға ие болды. Оның шәкірттері соңғы техниқалық құрылғылар-мультимедиялық кабинетте электронды оқулықтарды емін – еркін пайдаланып, интерактивті тақтада жұмыс істеуге машықтанған.

А. Сабырбаева сабақ өткізуде  Р. Төлегенова сабақ өткізуде

         А. Сабырбаева сабақ өткізуде                           Р. Төлегенова сабақ өткізуде


Білімнің алтын діңгегі мен баспалдағын қалай білген ұстаздардың шәкірттерінің талайы бүгінде еліміздің жоғарғы оқу орындарында білімдерін ұштауда. Аманбаева С.К., Төреқұлова С.А. ҰБТ сынағында да еңбегі нәтижесіз емес.

Орыс тілінде сауатты жазу, әдепті сөйлеу, яғни оқушы бойында жазба тіл мәдениеті мен ауызша тіл мәдениетін қатар қалыптастыру мұғалімнің басты мақсаты болып табылады. Р. Төлегенова өз сабағында оқушылардың сауатты жазу дағдыларының қалыптасуын үнемі бакылауда ұстайды.

Мейірім, терең білімділік, үздіксіз ізденіс, ерекше қабілет - мұғалімнің қасиеті.

 Сондықтанда жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруге мемлекетіміз де ерекше мән беруде. Оны кемел ойлы Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі ең бірінші оның білімділігімен өлшенеді», «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деген парасатты толғамдары айқындайды

 

Іздеу
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2016  »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Copyright ОМГ-Инфо © 2016
Хостинг от uCoz