Қапшағай орта мектеп-гимназиясы - Сынып жетекші - 2012
Жексенбі, 04.12.2016, 17:13
Приветствую Вас Гость | RSS

Қапшағай қаласы орта мектеп-гимназиясы

Статистика

Барлығы Онлайнда: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Кіру формасы

Сынып жетекші - 2012

Менің сынып жетекшім
Менің сынып жетекшімнің аты-жөні Куандыкова Роза Толудиновна. Маған алғаш қолыма қалам ұстатып, әріп үйреткен Роза апайымды мен мақтан етемін. Алғашқы ұстазыма деген алғысым зор.
                                                          Ұстазым.
                                                Ұстазымның алдында,
                                                Өте көп алғысым.
                                                Білім беріп біздерге,
                                                Қуанады біз үшін.
                                               
                                                Тәрбие де береді,
                                                Тәртіпке де үйретіп.
                                                Балалардың атынан,
                                                Алғыс айтқым келеді.
Тусупова Лаура
3а сынып оқушысы
*          *          *

Менің сынып жетекшім
   Ұстаз – өзінің бүкіл өмірін бала тәрбиесіне арнаған періште. Менің ұстазым – алғаш рет мектеп табалдырығын аттағанда қуанышпен қарсы алған Куандыкова Роза Толеудиновна.
   Абай атамыз «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» - деген ғой. Сол үш қасиетті де мен Роза апайымнан білдім. Ұстазымның сөздері мен істері маған қанат бітіреді. Келбетінен үнемі мейірім төгіліп тұрады. Апайымның адамгершілігі мен еңбекқорлығын өзіме үлгі тұтамын. Роза Толеудиновна менің алғашқы ұстазым,сүйікті апайым. Апйымның әсерлі үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен аналық қамқорлықты сезініп тұрамын. Сүйікті апйыма, ұстаздық жолда шаршамай, шәкірттеріңіздің алғысына бөлене беріңіз дегім келеді.
Абенов Олжас
3а сынып оқушысы
*         *         * 
Менің сынып жетекшім
   Ұстаз жаратылысынан жаны жайсаң, әділ, өнер-білімге құштар жандар болуы керек. «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаздың баланың өмірінде алатын орны ерекше.
   Ұстаздар, оның ішінде сынып жетекшісі - балаға екінші анасындай адамдар. Сынып жетекші сынып балаларына туған баласындай қарап, солармен бірге қуанып, бірге қайғырады.
   Біздің сынып жетекшіміз – Бақыт Ерғалиқызы. Ол кісі ағылшын тілі пәні мұғалімі. Ол кісіні біз мақтан тұтамыз. Мына заманға сай балаларға ағылшын тілін үйретіп, білім нәрімен сусындатады. Бізге әрқашан қамқор болып, қорғап жүреді. Біз өз ұстаздарымыздың үмітін ақтап, Қазақстанның үлгілі азаматы боламыз.  
Байғазы Райымбек
5г сынып оқушысы
*         *         * 
Менің сынып жетекшім
   Менің сынып жетекшім – Үмбетова Бақыт апай. Ол кісі маған қатты ұнайды. Мінезі салмақты, өзі әдемі, көрікті, білімді ұстаз. Біздің алдымызда бірнеше шәкірт тәрбиелеген ұстаз. Ағылшын тілінің маманы. Оқушылармен жақсы тіл табысады. Мен сабағымды жақсы оқимын. Апайды, ата-анамды ұятқа қалдырмай, сенімдерін ақтауға тырысамын.
   Мен сынып жетекшімді мақтан тұтамын. Ол гимназия мектебінде алтын асықтай ұл-қыздарға дәріс береді. Сабақты түсіндіргенде ұғынықты, анық айтады, білмегеніңді сұрасаң түсіндіріп береді. Шамамен сынып жетекшім 15 жылдай ұстаз болып істеп келеді. Мен үшін бұл көрсеткіш оңай жыл емес. Әр түрлі балалармен жұмыс істеп, оларға тәлім-тәрбие, білім берген ұстаз. Ер жүрек ана! Сүйікті ұстаз!
Нұрәсілов Арнат
5г сынып оқушысы
*          *         *
Менің сынып жетекшім
   Жетекші дегеніміз - белгілі бір топты басқаратын адам. Сынып жетекшісі де сол сияқты бір сыныпқа басшылық етеді. Тек басшылық етіп қана қоймай, ол сыныптағы әр оқушыға көңіл бөліп, өз сыныбынын жан-жақты дамуына үлкен үлес қосады. Екінші үйіміз - мектеп болса, екінші анамыз - ұстазымыз болып келеді. Анамыздың бізге тек жақсылық тілейтіні сияқты мұғаліміміз де әрдайым игілік пен ізгілікке баулып, тура жолға бастап отырады.
   Білім беру, сонымен қатар тәрбие беру оңай емес. Бірақ соған қарамастан әр ұстаз жалықпай ізденеді, білім беруді, тәрбиелеуді, шығармашылықпен еңбек етуді міндеті әрі айбынды мақсаты деп біледі.
   Сынып жетекшісінің міндеті - оқушының қалыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау. Ұстаз - тек адамзаттық құндылықтарға үйретіп қана қоймай, сонымен қатар әр баланың бойындағы бейімділігін, кәсіби икемділігін, табиғи мүмкіндіктерін ашып, сүйіспеншілік, сенім, түсінушілік және достық сияқты қасиеттерді таныта білуі керек. Сынып жетекшісінің негізгі қызметі - оқушы тәрбиесі мен оларды бір топқа біріктіру, өзін-өзі жетілдіруге, тәрбиелеуге көмек көрсету. Ол оқушылардың жан-жақты дамуы, патриоттық сезімдерін қалыптастыру , еңбексүйгіштігін, ұжымшылдығын, оқу үлгерімінің жақсаруы мен тәртіптің нығаюын және еңбекке дайындық бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады.
   Менің сынып жетекшім де өзгелер секілді сыныптағы әр балаға жеке назар аударады. Тәрбие сағаттарында түрлі тәрбиелік мәні бар тақырыптарды қозғайды. Ұстазымның есімі - Гүлшат Исаханқызы. Ол бейнелеу, сызу сабақтарынан береді. Әрине ол негізгі сабақтарға кірмейді, бірақ соған қарамастан ол пәндерден жетік әрі жақсы білім алудамыз. Гүлшат Исаханқызы міне төрт жыл менің сынып жетекшім болып келе жатыр. Төрт жыл бойы біз бір-бірімізге бауыр басып, қыздардың сырласы, ұл балалардың ақылшысы болып келеді. Әр шәкірт өзінің ұстазын мақтайды, сол секілді мен де сынып жетекшімді мақтан тұтамын! 
   Оқушы мұғалімді себепсіз бағаламайды , оған келелі себептер болуы тиіс. Ол кісі бізді назарсыз қалдырмайды, үнемі тексеріп, әр оқушының сөздерін ден қоя отырып тыңдап, кеңес береді. Қателік жасап қойсақ, біздің қылығымыздың дұрыс-бұрыстығын ескертеді.
   Ұстаздар қауымының оқушылар шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда, өз бетімен ізденіп, ой - өрісін жетілдіруде алатын маңызы ерекше деп білемін.
Ұстазымыз Гүлшат апайға біз шын жүректен ризамыз!
Іздеу
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2016  »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Copyright ОМГ-Инфо © 2016
Хостинг от uCoz