Қапшағай орта мектеп-гимназиясы - Сыныптан тыс шаралар
Жұма, 29.08.2014, 22:02
Приветствую Вас Гость | RSS

Қапшағай қаласы орта мектеп-гимназиясы

Статистика

Барлығы Онлайнда: 0
Қонақтар: 0
Қолданушылар: 0
Кіру формасы

Сыныптан тыс шаралар

Тәрбиелі ұрпақ - болашақ ел тірегі болар азамат. Білім мен тәрбиені ұштастыра отырып бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыруда мектептегі тәрбиелік іс-шаралардың маңызы зор. Осы орайда мектеп-гимназияда жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылуда. Жаңа мектеп өмірінің қызу тіршілігіне белсене кіріскен оқушылар мектептің туын жоғары ұстауға тырысты. Намысты қолдан бермейтін білімді жастарымыз бен білікті ұстаздарымыз түрлі байқауларға қатысып, мектеп қоржынын жүлделі орындармен толтырған дарынды жастарымыз да жетерлік.
Бәсекеге қабілетті ел азаматтарын қалыптастыруда салауатты өмір салтын ұстанатын дені сау ұрпақ керек екені мәлім.
Жаңа білім ошағында талап пен талантты жетілдіру мақсатында түрлі үйірме сабақтары жүргізіледі. Оқушылардың өнерін шыңдауда «Жас домбырашылар», «Салтанат» би тобы, «Жас актер» драма үйірмесі, «Бірлік» тоғызқұмалақ үйірмесі, «Қыран» футбол командасы, волейбол, баскетбол, вокал, кіші теннис, ағылшын клубтары сынды үйірмелер жұмыс жасайды. Аталмыш үйірмелердің өнер саңлақтары мен спортсмендері қалалық байқауларда сыннан өтіп, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген болатын. «Жас актер» драма үйірмесінің белсенді топ мүшелері «Аққулар ұйықтағанда», «Мұқағалидың соңғы күндері», «Отырар сазы», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Найман-Ана» сынды драмалық көріністерін көрермен қауымға тарту етіп, келешек биік сахна иелерінің танылып жатты. Адам бойындағы тума талантты өз уақытында бағаламау болашақта орны толмас өкініштерге соқтырады.
 

«Бұлақ көрсең көзін аш», - дейді халық даналығы. Алысқа қанат сермейтін талантты оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, жеке тұлғаның қалыптасуына жағдай жасау мақсатында тәрбиенің бірнеше бағыттары бойынша жүзеге асырылатын мектепішілік іс-шаралардың игі нәтижелері де аз емес. Қазақстан Республикасының тәуелсіз әрі тәрбиелі азаматын қалыптастыруда орта мектеп-гимназияда «Жас өркен» өзін-өзі басқару ұйымы құрылды. Ұйымның мақсаты - болашақ жастардың ұйымдастыру, реттеу, басқару қабілеттерін арттырып, еліміздің айбынды азаматтар санын көбейту.
2008-2009 оқу жылында мектеп-гимназияда атқарылған іс-шаралар өзгеше сипатта орын ады. Мектепішілік «Күз аруы-2008», «Ұстаздарға мың алғыс» атты 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі, «Қыз сыны-2009», «Армысың, әз наурыз!», «Жігіттер сұлтаны-2009» атты байқаулар өз дәрежесінде атқарылды. Жоғары деңгейде өткізілген «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты қала әкімінің жаңа жылдық шырша мерекесі де оқу жылының есте қаларлық кештерінің бірі болды. Сонымен қатар «Жастар-2030» қоғамдық бірлестігімен ұйымдастырылған қалалық КТК ойынына мектебіміздің «Көңілашар» командасы қатысып, жүлделі І орын иеленді. Қалалық «Шабыт» фестивалі, «Жетісу жұлдыздары» атты өнер сайыстарына қатысып, биіктен көрінген оқушыларымыз көңілге сенім ұялатарлықтай.
Жас дарындарды шыңдау мақсатында қалалық «Шабыт» жастар шығармашылық фестивалінда эстрадалық ән айтуда «Ең үздік дауыс» номинациясымен 10а сынып оқушысы Д.Қалиахмет, халық әнін орындауда «Ең үздік орындаушы» номинациясымен 10а сынып оқушысы Ә.Мұқашева, «Ең үздік әнші» номинациясын жеңіп алған 9б сынып оқушысы Б.Сағадиев сынды өзіндік жетістіктерімен көріне білген оқушылар да мектебіміздің мақтанышы.


Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында көз көрім жетістіктерге жеткен Қ.Черяздан, О.Артықбай, А.Мусаев, Д.Кәтіш сынды оқушыларымыз Республикалық және облыстық спорттық турнирдің жеңімпаздары атанды. Мектебіміздің «Қыран» футбол үйірмесінің қатысушылары (Д.Молдахметов жетекші) қалалық жасөспірімдер арасында футболдан өткен турнирден І орын, «Бірлік» үйірмесінің қатысушылары (Е.Серлібаев жетекші) қалалық тоғызқұмалақ спартакиадасынан ІІ орын иеленген болатын. Тоғызқұмалақ спартакиадасынан «Бірлік» командасы ІІ орын, жеңіл атлетикадан І, ІІ, ІІІ орын иеленіп қайтты.

Қалалық «Қауіпсіз дөңгелек-2009» байқауына қатысқан орта мектеп-гимназия оқушылары рейтинг бойынша 7 орынды иеленіп, «Үздік командир», «Үздік жол көрсетуші» номинацияларын марапатталды.
Қалалық «Жетісу жұлдыздары-2009» байқауының жеңімпаздары «Салтанат» тобының бишілері, «Жетісу жұлдыздары-2009» байқауының жеңімпазы Ж.Жолдыбай, «Жетісу жұлдыздары-2009» байқауының жеңімпаздары «Жас домбырашылар» ансамблінің мүшелері де өнерімен өрге жүзер жас дарындар.

Жас ұрпақтың бойына имандылық пен адамгершілік қасиеттерін сіңіру - текті бабаларымыздың өнегелі тәрбиесі. Болашақ ұрпақты тек қана білім нәрімен сусындатпай, туған тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпын сақтау, еліміздің батыл тұлғаларын таныту, ата-аналарды қоғамдық жұмыстар мен мектепішілік іс-шараларға тарту мақсатында орта мектеп-гимназиясында ашық тәрбие сағаттары және байқаулар өткізіліледі. «Ата салтың - байлығың», «Ел қорғаны - ер жігіт», «Әкем, шешем және мен», «Көңілді эстафета» сынды шаралар ұйымдастырылып, мектеп өміріндегі іс-шаралардың маңызы мен оқушылардың танымдың қасиетін арттыруда.


2008-2009 оқу жылында оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында арнайы жоспарлар құрылып, мектеп жанында бірнеше лагерь түрлері жұмыс жасады. Республикалық деңгейде орындалып жатқан «Жасыл ел-2009» бағдарламасы бойынша мектеп жанында көгалдандыру лагеріне 5-8 сынып аралығынан 200-ге жуық оқушылар тартылды. Орта мектеп-гимназиясында әлеуметтік жағдайы төмен оқушылардың жазғы демалысын қамтамасыз ету барысында «Золотой песок» жазғы сауықтыру лагеріне 40 оқушы қамтылды. 10 сынып оқушыларының негізгі пәндер бойынша білімдерін жетілдіруде мектеп жанында пәндік лагерь құрылып, қарқынды жұмыс жасады. Мектеп айналасының, туған өлкемізді экологиялық ластандырудан сақтандыру, қоршаған ортаға деген көзқарастарын арттыру мақсатында орта мектеп-гимназия оқушылары «Жас натуралистер» лагеріне тартылды.

 Мектеп жанындағы «Балдаурен» жазғы сауықтыру лагеріне барлығы 300 бала қамтылып, 6 ауысымның кестелері бекітілді. Оқушылардың денсаулықтарын нығайтып, танымдық қөзқарастарын арттыруда мектепішілік қызықты іс-шаралар өткізілді. Балалардың толық сауықтырылуына жан-жақты жағдай жасалып, оқушылардың сауықтырылу шаралары жүзеге асырылды.

"Балдәурен" жазғы сауықтыру лагері "Балдәурен" жазғы сауықтыру лагері
Іздеу
Күнтізбе
«  Тамыз 2014  »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Copyright ОМГ-Инфо © 2014
Хостинг от uCoz