Республикалық қашықтықтан оқыту курс-конкурсы - 13 Ноября 2009 - Қапшағай орта мектеп-гимназиясы
Жексенбі, 04.12.2016, 17:16
Приветствую Вас Гость | RSS

Қапшағай қаласы орта мектеп-гимназиясы

Статистика

Барлығы Онлайнда: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Кіру формасы
Главная » 2009 » Қараша » 13 » Республикалық қашықтықтан оқыту курс-конкурсы
16:03
Республикалық қашықтықтан оқыту курс-конкурсы

Республикалық қашықтықтан оқыту курс-конкурсы

2.11.-6.11.09. күндері аралығында ББЖ КБАРИ тарапынан ұйымдастырылып өткізілген «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы қоғамдық-гуманитарлық білімді іске асыру әдістемесі» тақырыбындағы эксперименталды қашықтықтан оқыту курс-конкурсына орта мектеп-гимназияның  командасы қатысты.

Командада 5 адам болды. Олар:

1. Нұрсолтанова Сауле Қайырлықызы – мектеп-гимназия директоры

2. Жақсымбетова Гүлдариға Оралбайқызы – оқу ісі бойынша орынбасар

3. Қақанова Бағлан Ахметқанқызы – бастауыш сынып мұғалімі

4. Низанова Анар Орынбасарқызы – информатика пәні мұғалімі

5. Масимбаева Мирагүл Әбдінұрқызы – бастауыш сынып мұғалімі

Мектеп-гимназия командасы

Бұл курс-конкурсқа Қостанай облысы Лисаковск қаласының №3 орта мектебінің және Қапшағай қаласының Д.А. Қонаев атындағы қазақ орта мектебінің командалары қатысты.

            Біздің мектептің командасы конкурстың женімпаздары атанып, І орынды иеленді.

            Әсіресе курс кураторы Толықбаева Ғалия Нұрманқызы оқыған «Онлайн режимінде сабақ жүргізу әдістемесі (Дарынды баланы анықтау мен дамыту мысалында)» тақырыбындағы дәрісте  Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі негізгі кейіпкер Қожа, оның іс-әрекеттері арқылы-ақ дарынды баланың ерекшеліктері, олармен қалай жұмыс жасау керектігі дәлелденіп, қызықты да адамды ойландыратын тапсырмалар көп болды. Ғалия Нұрманқызы өзінің біліктілігі  мен іскерлігі, байқампаздығы мен адамгершілік қарым-қатынасымен жүрегімізді жаулап алды. «Дарынды балаларды дамытудағы ситуациялық тапсырмалар құрастырудың ерекшеліктері» тақырыбында К.С. Құдайбергенова дәріс оқыды. Дәрісте ситуация туғызу, оның баланы іздендіретіндей етіп құрылуы баланың дарынын тануда үлкен рөл атқаратыны айтылды. Сабақ үстінде топтарға ситуациялық жағдайлар беріліп, оны шешу жолдары ұсынылды. Сондай-ақ «Педагогтардың ақпараттық коммуникациялық технология құзырлылығын қашықтықтан біліктілікті арттыру жүйесі арқылы қалыптастыру» тақырыбында С.Т. Мұхамбетжанова оқыған дәрісте ақпараттық құзырлылық, сол құзырлылықты қалыптастыру жолдары мен талаптары, қашықтықтан оқытудың артықшылығы туралы мәліметтер алдық. Ал Қ.И. Қалдарова өткізген «Ұстаздардың кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп» дәрісінде  педагог пен оқушының арасындағы қарым-қатынастың түрлері мен оны іске асырудың жолдары туралы әңгіме болды. Сабақта бірнеше ситуациялық жағдайлар ұйымдастырылып, оны шешу жолдары бойынша қызу пікірталас болды.
Просмотров: 1601 | Добавил: Nonna | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2009  »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Copyright ОМГ-Инфо © 2016
Хостинг от uCoz