Гимназияда 2
спорт зал, 1 бассейн, 1 тренажерлық зал, 1 стадион бар. Тренажерлық зал,
бассейн, спорт залдары барлық жабдықтармен толық қамтамасыздалған.
Спорт залында Тренажер залында
Мұғалімдердің бүгінгі күні оқыту үрдісінде болып жатқан жаңалықтар мен
өзгерістерден дер кезінде хабардар болып отыруы – сапалы білім берудің кепілі.
Сондықтан да мұғалімдердің біліктілігін жетілдеру мұғалімдер жоспар бойынша
АОМКДИ курстарына барады. Биылғы қалалық «Үздік дене шынықтыру
мұғалімі 2009» байқауына қатысып Молдахметов Д. ІІ орынды иеленді.
Спорт жалпы
салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Ол оқушылардың бойында
күш, ептілік, төзімділік секілді моральдік-ерік сапаларын дамытудың тиімді
құралы болып табылады. Орта мектеп гимназиясында сыныпаралық спорттық
сайыстар жиі өткізіліп тұрады.
Мақтаныш етіп
айтсақта артық емес қалалық мектеп аралық спартакиададан оқушыларымыз алдыңғы
қатарда. Атап айтсақ 2008 жылы Қапшағай қаласында өткізілген Футбол жарысынан 12
команда арасынан І орынды (жетекшісі Молдахметов Д.), қараша айында қалалық мектепаралық тоғызқұмалақ сайысынан 2 оқушымыз ІІ орынды иеленді. Жеңіл
атлетика жарысында оқушыларымыз бас жүлделермен оралды. Атасақ 400 метрге
жүгіруде алдына жан салмаған желаяғымыз 8 «Б» сынып оқушысы Джакишева
Малика, 1500 метрге жүгіруде 9 «Ә» сынып оқушысы Мухаметкали, ұзындыққа секіруде 9 «Б»
сынып оқушысы Черяздан Қанат, 3000 метрге
жүгіруде Мухаметкалимов Медет, 100 метрге жүгіруде 7 «Ә» сынып оқушысы Сибат Ратха жеңімпаз атанды..
Қаңтар айында
мектепішілік 5-6 сынып арасында «Әкем, шешем және Мен» атты оқушы ата-аналар
арасында спорттық эстафеталық сайыс өтті. Эстафеталық сайысқа 6 жанұя қатысты.

Спартакиадаға қатысушылар

