Пән мұғалімдерінің сабақтарында халықтық педагогика өз
жалғасын тауып, ұлттық өнер мен қазіргі өнерді байланыстырушылар қатары молайып
келе жатыр. Атап айтсақ технология пән мұғалімі Б.О. Сызбаеваның жетекшілігімен
«Кілем тоқу», «Ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау», М.Қ. Бекбосынованың
жетекшілігімен «Ұсақ моншақтармен кестелеу технологиясы» және Р.Б. Нұрпеисованың
жетекшілігімен «Көркем қолөнер технологиясы» сияқты тақырыптар аясындағы
төмендегі оқушылардың шығармашылық жұмыстары көрме қойылымында көптің көңілінен
шығып, облыстық институт жанынан шығарылатын каталогқа ұсынылды.
Қолөнер сабағында Тігін шеберханасында
Металл өңдеу шеберханасында Аспаздық сабағында
«Өнер таусылмас
азық, жұтамас байлық» дейді халқымыз. Оқушыларды шығармашылық бейнелеу өнеріне
баулып, ынтасын, қызығушылығын арттырып жүрген ұстаздардың бірі - Г. Хаджиева жас
суретшілеріміздің шығармашылығынан «Менің сүйікті өнерім» атты тақырыпта көрме
ұйымдастырып, 5-сынып оқушылары Ақанов Ерасыл мен Батырбеков Шыңғыстың
«Бейбітшілік және суретші» тақырыбында салған суреттері облыстық институт
жанынан шығарылатын суретшілер каталогына жіберілді. 7а сынып оқушысы Хусайнова
Альмираның «Басқа планетадағы өмір атты» шығармашылық жұмысы Чехияда өткен
халықаралық сурет көрмесіне жіберілді.
Е. Ақановтың суреті Ш. Батырбековтың суреті
Музыка пән
мұғалімдері де өзінің шығармашылық және жоғары деңгейлі білімін жас
өспірімдерге беруге тырысады. Қаңтар айында өткен «Шабыт» жастар шығармашылық
фестивалінде «Дәстүрлі әндер» номинациясы бойынша «Орындаушылық шеберлігі
үшін» 10а сынып оқушысы Мұқашева Әсел және «Эстрадалық ән салу» байқауында «Ең
үздік әнші» номинациясы бойынша 10а сынып оқушысы Қалиахмет Дана марапатталды.
Жетекшісі: Абильтаева Ф.Ж.
Наурыз айында өткен «Жетісу жұлдыздары-2009» байқауында «Эстрадалық ән
салу» номинациясы бойынша 1ә сынып оқушысы Жолдыбай Жансая І орын алды, пән
мұғалімі - Иникеева А.Б. Осы байқауда би үйірмесінің жетекшісі С. Садуакасованың
жетекшілігімен «Салтанат» би тобы және музыка пән мұғалімі Ш. Лепесованың
жетекшілігімен «Жас өркен» ансамблі І орын иеленді.





