Жаңа оқу жылының басы қарбалас
сәт. Себебі оқу жылы басталар қарсаңында оқушы қауым мектепке асықса, барша ата-ана
оқуға қажетті жабдықтарды дайындаумен әлек болары сөзсіз. Дегенмен білім алуға
құштарлығы мол кей балаларды түгелдей дерлік оқу жабдықтармен қамтамасыз ету-ата-анаға
ауыртпалық болып тиюі де мүмкін. Тағдыр тәлкегін бастан кешкен отбасы
балаларына азды-көпті көмек беру-адамзат пен мемлекет алдындағы борышты іс. Тамыз
айының бел ортасында жалпы республикалық деңгейде өткізілетін «Мектепке жол»
қайырымдылық акциясы да дәл осы мұқтаждықты өтейтін ауқымды шара. Мектеп-гимназиясында
өткен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына лауазымды тұлғалар шақырылып,
демеушілер тартылған болатын. Қайырымдылық іс-шараның бас демеушілері де «Ұлттық
теңге» авторы әрі тарихи зерттеу орталығының президенті Хайролла Абжалилов,
жеке кәсіпкер Айбар Қожахметұлы, қалалық мешіттің бас имамы Құрманғали
Төлебайұлы мен Тұрысбек қажы сынды ел ағалары болды. «Мектепке жол»
қайырымдылық акциясы нәтижесінде киім-кешек және оқужабдықтармен 19 оқушы қамтамасыз етілді. Аға
қамқорлығын сезінген бүлдіршіндеріміздің жүздеріне қуаныш ұялап, көмекке зәру
ата-аналар шексіз ризашылығын білдірді. Дәл осы сынды шаралар жаңа 2009-202010
оқу жылында да өз жалғасын таба бермек.