2011 жылы қаңтар айының 20-21 жұлдызы аралығында орта мектеп-гимназияда жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыста орта мектеп-гимназия директоры С.Қ. Нұрсолтанова «Таяқтау-оңай, тәрбиелеу қиын» тақырыбында ата-аналармен ой бөліссе, ата-аналар комитетінің мүшесі Л.Идрисова «Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында баяндама оқыды.
Мектеп психологы Г.Искакова мектеп жасындағы оқушылардың жас ерекшеліктері мен психологиялық ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен қатар, ата-аналардыұйымдастыра отырыптренингтер жүргізді.
Мектеп директорының бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасарыГ.Құлжанова гимназия оқушыларының әртүрлі деңгейлердегі жетістіктері, олимпиада, ғылыми жоба сайыстарының нәтижелері туралымәліметтер берді.