Қапшағай қаласындағы орта
мектеп-гимназиясы жаңа оқу жылында да бірқатар жетістіктерге жетті. Мектебіміздің
ашылғанына көп болмаса да, халықаралық сайыстарда жеңіске жетіп, білім шыңын
бағындырған шәкірттер аз емес. Атап өтсек, қазан айының 13-21 аралығында 10 «А»
сынып оқушысы
Ақанұлы Айдын Грецияның Кипр қаласындаөткен ғылыми пәндер
бойынша ХVII Халықаралық тестілеу-рейтінгілік олимпиадасына дүние жүзі тарихы
пәнінен «Шоқан Уалихановтың Қазақстанға сіңірген еңбегі» атты тақырыпта өз
еңбегін қорғап, ІІ орынды еншілеп қайтты. Замандасымыздың бұл жетістігі басқа
елдердің алдында Қазақстанның беделін асыра түсті.