«Күз аруы-2009»
мерекесі
Мектеп өміріндегі дәстүрлі
мерекенің бірі-«Алтын күз» мерекесі. Орта
мектеп-гимназиясының
«Жас өркен» өзін-өзі басқару ұйымының
ұйымдастыруымен 2009 жылдың 17 қазанында
«Күз аруы-2009» байқауы болып өтті.
Байқауға 8-10 сынып оқушылары қатысты.
Байқаудың басты мақсаты-оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен өнерлерін шыңдау болатын.
«Күз аруы-2009» байқауы
7 кезеңнен тұрды.
Ең алдымен оқушылар өздерін таныстырып, заманауи бейнеклиптен үзінділер көрсетіп, өздерін
жан-жақты қырынан таныта отырып, актерлік шеберліктерін де ортаға салды.
Сайыста көрсетілген
сән үлгілері де оқушылардың қолөнер шеберліктерінен
хабардар етті. «Жүзден жүйрік,
мыңнан тұлпар»-демекші сайыстың 7 кезеңінен де
сүрінбей өтіп, өз өнерлерімен дараланған
9 «Ә» сынып оқушылары Ұлтанбай Біржан мен Несіпбекова Нұрила бас жүлдені иеленіп,
қалалық «Күз аруы-2009» байқауына
жолдама алды.
|